Желіде Каирдегі тәртіпсіздіктер жайлы бейнелер пайда болды

11:39, 24 желтоқсан 2024

© Сурет: pixabay

23 желтоқсанға қараған түні әлеуметтік желілерде Египет астанасындағы қоғамдық тәртіпсіздік туралы бейнелер пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Х әлеуметтік желісінің дерегінше, бұл Египет президенті Абдель Фаттах Ас-Сисидің жаңа әкімшілік астана мен президент сарайының құрылысын жариялауынан туындаған наразылықтар. Олардың құны мысырлықтар үшін 45 миллиард долларға бағаланды.

Наразылық акциясы барысында қатысушылар Президент Ас-Сиси бейнеленген баннерлерді жұлып алған.

Куәгерлердің айтуынша, тәртіпсіздік полицейлер жеткенше, едәуір қарқын алып үлгерген.

Абдул-Фаттах Ас — Сиси елді 2014 жылдың маусымынан бастап басқарады. 2019 жылғы конституциялық референдум нәтижесінде Президенттің өкілеттік мерзімі төрт жылдан алты жылға дейін ұзартылды. Ол Египеттің алтыншы президенті.

Бұған дейін Египетте 400-ден астам бірегей артефактілерді сатпақ болған екі адам қамауға алынғаны хабарланған болатын.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!