Халық шешсін. Зеленский Ресей мәселесін референдумға шығарады

09:25, 22 мамыр 2019

Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен арадағы келіссөздер мәселесі туралы референдум өткізеді. Бұл туралы президент әкімшілігінің басшысы Андрей Богдан мәлемдеді, деп хабарлайды Lenta.ru.

Богданның айтуынша, Мәскеумен арадағы қарым-қатынасты қалай реттеу мәселесіне ел азаматтары араласуы тиіс.

– Ресеймен келіссөздер жүргізу мәселесін жалпыхалықтық референдумға шығармақпыз. Шешімді тек президент, тек депутаттар ғана емес, Украина халқы қабылдауы керек, – деді ол "112 Украина" телеарнасының эфирінде.

Президент әкімшілігі басшысының сөзінше, референдум – қоғамда жік тудыруы мүмкін шешімдердің қабылдануына жол бермейді. Сондай-ақ, Богдан атап өткендей, Донбасс жөніндегі келіссөздерде ортақ мәмілелер іздеу керек, алайда Украина "жері мен адамдарын саудаға салмайды".

20 мамырда өткен инаугурация кезінде Владимир Зеленский Донбасстағы соғысты тоқтатуды міндет ететінін айтқан еді.

Ал Донбасстағы өз егемендігін жариялаған республикалар тұтқын алмасуға дайын екенін, бірақ алдымен Зеленскийден нақты ұсыныстар күтетінін жеткізген.

Украинаның оңтүстік-шығысындағы қарулы қақтығыс 2014 жылдың сәуірінде басталған еді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!