Ғалымдар Зика вирусына қарсы вакцина ойлап тапты

14:01, 25 наурыз 2017

Қытай мен Францияның ғалымдар бірлесіп, Зика безгегіне қарсы вакцина әзірледі.

«Бұл АҚШ пен Францияда вакцина әзірлегеннен кейін әлем бойынша жетінші, Азиядағы бірінші Зика вирусына қарсы вакцина клиникаға дейінгі зерттеу фазасына түскенін білдіреді. Вакцина  Африкада 2019 жылы қолжетімді болуы мүмкін», – деп хабарлады ҚХР Ғылым академиясы жанындағы Пастер институтының директоры Тан Хун Тан. 

Пастер институтының ғылыми қызметкері Хуан Чжун вакцина Зика безгегімен күресте қауіпсіз әрі тиімді екенін атап өтті. Рекомбинантты вакцинаны жасау кезінде гендік инженерия әдісі пайдаланылды. ДНК гибридтік молекуласы түрінде генетикалық құрылым құрылады.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!