Ғалымдар құны алтыннан да қымбат болатын сирек кездесетін минералды тапты
© Сурет: pixabay
Ғалымдар Ресейде жер қыртысынан құны алтыннан да әлдеқайда қымбат болуы мүмкін жаңа минералды тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ғылымға бұрын мәлім болмаған үлгіні РФ ҒА Колский ғылыми орталығының, Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің және А.Е. Ферсман атындағы Минералогиялық музейдің мамандары тапты. Бұл туралы РИА Новости жазады.
Сирек кездесетін кристалл Хибин массивінің Киров кенішінен табылды. Ғылым және білім министрлігінің мәліметінше, оның құрамында заманауи технологияларда қолданылатын әрі бұл олжаны аса құнды ететін сирек жер элементі - иттрий бар.
"Бұл жай ғана әдемі тас емес, жер қыртысының нағыз химиялық архиві: бір кристалдың бойында иттрий, кремний, калий, натрий және Менделеев кестесінің тұтас бір тобы жинақталған", деп атап өтті ведомство өкілдері.
Ғалымдардың айтуынша, тау жынысындағы жаңа минералдың, тіпті жұқа қабатының миллиметрі шамамен 145 долларға бағаланады, бұл - алтын құнынан әлдеқайда жоғары. Кристалл құрамындағы кальций, марганец пен фтор, сондай-ақ оның аса күрделі құрылымы оған ерекше құндылық береді.
Табылған минерал нәзіктігімен және ерекше қызғылт реңкімен ерекшеленетін сирек силикаттар - ашкрофтиндер тобына жатады. Осыған дейін мұндай минералдардың ең ірі кен орындары Гренландияда, сондай-ақ Канада мен Италияда анықталған.
Бұл олжа ғалымдарға жер қыртысының қалыптасу процестерін тереңірек зерттеуге және планетамыздағы сирек минералдар туралы түсінікті кеңейтуге көмектеседі.
Бұған дейін ғалымдар Қазақ хандығының қалыптасу кезеңіне жататын ежелгі мавзолейді тапқанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:50, 4 қыркүйек 2026
Қытайда 100 шақырымға созылған кептеліс екі аптаға созылды
-
16:12, 4 қыркүйек 2026
Пашинян: Армения Еуропалық одаққа қосылу бағытынан бас тартпайды
-
08:53, 3 қыркүйек 2026
Балиде бассейнге түскен турист көзінен айырылып қала жаздады
-
08:45, 3 қыркүйек 2026
Күн энергетикасы Қытайдағы ең ірі электр қуаты көзіне айналды
-
08:36, 3 қыркүйек 2026
Әкесі ұлын құтқару үшін 40 келі салмақ тастады





