Ғалымдар электронды темекінің зиянын дәлелдеді

10:55, 12 қыркүйек 2018

Электронды темекіні шеккен кезде қатерлі ісік тудыратын химиялық қосылыстардың басым бөлігі өкпеге жинақталады, деп Невада Университеті мен Шөлді зерттеу институтының ғалымдары қорытынды жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Тәжірибе барысында мамандар 12 адамның ағзасындағы электронды темекі шеккенге дейінгі және кейінгі альдегидтер мөлшеріне сараптама жасады. Альдегидтер – қауіпті токсиндер, олардың біраз бөлігі онкологиялық дерт тудырады.

Ғалымдар электронды темекі түтіні мен тәжірибеге қатысушылардың электронды темекі шеккен кезде шығаратын деміндегі токсиндер деңгейін салыстырып қарады.

Тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, электронды темекі шеккеннен кейінгі шығарған дем құрамындағы альдегидтер мөлшері шеккенге дейінгі шамадан он жарым есе көп болған.

Ғалымдар анықтағандай, формальдегид сияқты қауіпті заттардың мөлшері электронды темекі түтінінде жүз есе көп. Демек, бұл заттың айтарлықтай бөлігі адам ағзасында сақталады деген сөз.

Бұдан бұрын ғалымдар электронды темекі пайдалану ауыз қуысының қатерлі ісігін тудырады, қаупі кәдімгі темекіден кем түспейді деп дабыл қаққан еді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!