Футбол патшасы Пеле ауруханаға түсіп қалды

13:52, 7 қыркүйек 2021

© Сурет: instagram.com/pele

Әлемдік футболдың аңыз адамы, әлемнің үш дүркін чемпионы, қаны бразилиялық Пелеге ота жасалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Соңғы екі аптада аты аңызға айналған футболшының жанкүйерлері кумирінің денсаулығына алаңдаулы.

80 жастағы спорт ардагердің өзі жанкүйерлеріне сабыр тіледі. Пеле жанкүйерлерінің жылы сөздеріне ризашылығын білдіріп, сонымен қатар өз денсаулығы үшін күресіп жатқан дәрігерлерге алғыс айтты.

Обыр дерті алынған бірқатар анализдерден соң анықталды. Бақытыма орай, үлкен жеңістерді өздеріңізбен қарсы алып, тойлауды үйрендім. Бұл сынақты да жүзімнен күлкімді жимастан, мені баураған қасымдағы отбасым мен достарымның махаббатына бөлене отырып, үлкен оптимизммен қарсы аламын, - деп жазды Пеле желідегі парақшасында.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!