Францияның премьер-министрі мен министрлер кабинеті отставкаға кетті

11:12, 11 мамыр 2017

Өйткені елдің Конституциялық кеңесі президенттік сайлаудың қорытындысын ресми түрде бекітті.

Енді мемлекет басшысы болып сайланған Эммануэль Макрон өз міндетін атқаруға кірісе сала үкіметтің жаңа құрамын жасақтай алады.
Айта кеткен жөн, өткен аптада Францияда президенттік сайлаудың екінші кезеңі өткен болатын. Саяси сайыста елдің бұрынғы экономика министрі Эммануэль Макрон жеңіске жетті. Президентті ұлықтау рәсімі 14 мамырға жоспарланып отыр.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!