Филиппиннің 74 жастағы президенті мотоциклден құлап түсті

16:51, 17 қазан 2019

Филиппин елінің 74 жастағы президенті Родриго Дутерте Маниладағы президенттік резиденция аумағында мотоцикл теуіп келе жатқанда тепе-теңдігін жоғалтып, құлап қалды, деп хабарлайды Rappler басылымына сілтеме берген РИА Новости.

Оқиға күні кеше Малаканьянг сарайлар кешенінде болған. Президенттің баспасөз хатшысы Сальвадор Панело 74 жастағы Дутертенің мотоциклден құлағанын айтты. Президенттің қауіпсіздік тобының жетекшісі Хосе Ниембра (Jose Niembra) түсіндіргендей, соншалықты қауіпті ештеңе болған жоқ, қос дөңгелекті көлікті тоқтатып, түсер кезде аяғынан бәтіңкесі ұшып кетті, сосын Дутерте мотоциклден ауып түсті.

- Бәтіңкесіне қолын созбақ болған президент мотоциклінен құлап түсті, салдарынан жеңіл жарақат алды. Шынтағы сырылып, тізесі көгерді, - деді Панело.

Оның айтуынша, президентке түк те болған жоқ деуге болады, оған аса бір медициналық көмек қажет емес. Мемлекет басшысының жақын досы, сенатор Бонг Го (Bong Go) атап өткендей, Дутерте қазір өзінің ресми резиденциясында демалып жатыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!