Facebook 178 млн адамның жеке мәліметтерін ұрлаған Украина азаматын сотқа берді

16:56, 24 қазан 2021

© Сурет: pixabay.com

Facebook әлеуметтік желінің 178 миллион қолданушысының жеке деректерін ұрлады және сатты деп Украин азаматына айып тақты, деп хабарлайды zakon.kz.

Шағым АҚШ-тағы Калифорнияның Солтүстік округінің сотына жолданды, деп жазады РИА Новости.

Онда Александр Солонченконың желіні қолданушылардың жеке деректерін қолды қылғаны айтылады.

Компания өкілдерінің айтуынша, 2018 жылдың қаңтарынан 2019 жылдың қыркүйегіне дейін ол желіні қолданушылардың аккаунттары мен телефон нөмірлерінің сәйкестендіру деректеріне қол жеткізген. Ол үшін автоматты режимді қосатын арнайы бағдарламалық жасақтаманы қолдана отырып, Messenger қосымшасы арқылы желі қолданушыларына сұрау жолдаған.

2021 жылдың мамырында, Facebook-тің хабарлауынша, Солонченко ұрланған осы мәліметтерді салалық онлайн-форумда сатқан. Компания басшылығы сот Солонченконы шығынды өтеуге міндеттеп, компания қызметін пайдалануға тыйым салады деп үміттенеді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!