Еуропаның ең мықты 12 футбол клубы бірігіп, Суперлига құрып алды

15:53, 19 сәуір 2021

© Сурет: Superliga Europea

Еуропалық суперлига жобасының ұйымдастырушылары жаңа турнирдің құрылғаны туралы ресми мәлімдеді, деп хабарлайды "Матч ТВ".

Қазіргі таңда Суперлигада қатысуға дайын екенін бірнеше клуб растады: "Арсенал", "Челси", "Ливерпуль", "Манчестер Сити", "Манчестер Юнайтед", "Тоттенхэм", "Реал", "Барселона", "Атлетико", "Ювентус", "Интер" және "Милан", деп жазады kaz.vesti.kz.

Суперлига басшысы "Реал" президенті Флорентино Перес болды.

Турнир форматы бойынша оған 20 клуб қатысады, оның бесеуі өткен маусым нәтижесі бойынша жыл сайын сұрыптаудан өтеді. Топтағы үш үздік команда турнирдің ширекфиналына автоматты түрде өтеді. 4-5 орын иеленген командалар екі матчтен тұратын қосымша плей-офф өткізеді. Финал мамырға белгіленген.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!