Еуроодақ коронавирусқа қарсы жаппай вакцина сала бастады

09:34, 28 желтоқсан 2020

Еуропалық одаққа (ЕО) мүше елдерде жексенбі күннен бастап коронавирусқа қарсы Pfizer және BioNTech компанияларының вакцинасымен халыққа жаппай егу басталды, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.

"Интерфакс" агенттігінің мәліметіне қарағанда, емдеуде қауіп-қатер тобына кірген азаматтарға, оның ішінде жасы ұлғайған адамдарға артықшылық беріледі. Германия, Франция, Аустрия, Италия, Испания және Болгария емдеу шараларын жексенбі күні бастаса, Бельгия мен Люксембургта 28 желтоқсанда, Нидерландта 8 қаңтарда басталады деп күтіледі.

Осыған дейін Pfizer және BioNTech компаниялары жыл соңына жейін ЕО-ға 12,5 миллион дана вакцина жеткізуге дайын екенін білдірген.

Осыған дейін Еуропаның дәрі-дәрмекті бақылайтын агенттігі бұл вакцинаның қауіпсіздігі мен нәтижесі бойынша зерттеу жүргізіп, қабылдаған.

Қазір әлемнің бірқатар елдерінде коронавирусқа қарсы "Pfizer-BioNTech" вакцинасы қолданылады. Осыған дейін АҚШ, Британия, Канада, Израиль емдеуді бастаған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!