Еуроодақ Грекияға 1,3 млрд еуро бөледі

12:08, 26 наурыз 2017

Қомақты қаржы инфрақұрылымды дамытуға жұмсалмақ. Соның арқасында елде 2007-2013 жылдар аралығында басталған ірі жобаларды аяқтау мүмкіндігі туып отыр.

Қаржының көп бөлігі Грекияның екінші ірі қаласы саналатын Салоникиде метроны жаңғыртуға жұмсалады.

Сондай-ақ мемлекеттегі қоғамдық көлік жүйесін жетілдіру және кең жолақты ғаламтор желісін іске қосу жобаларын қаржыландыру да жоспарда бар.

Айта кеткен жөн, былтыр Еуроодақ Грекияға 115 миллион еуро бөлген болатын. Қаржы мигранттар ахуалын реттеуге жаратылды.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!