Емделіп шыққан соң вирус тыныс алу жолдарында 37 күнге дейін сақталуы мүмкін

10:43, 16 наурыз 2020

Коронавирусқа шалдыққандардың тыныс алу жолдарында вирус 37 күнге дейін сақталуы мүмкін, деп хабарлайды "Хабар 24".

Ал осы уақыт аралығында науқас дертті жұқтырушы болып қала бермек. Мұны Қытайдың Ухань мен Цзиньтань қаласындағы ауруларға жүргізген соңғы зерттеулер көрсетіп отыр.

Ғалымдар "COVID-19-ға тосқауыл қоюға осы бір жағдай да кедергі болуы ықтимал", - дейді.

Айта кетейік, қазір дертке шалдыққан адаммен байланысқа түскен тұлғаны 14 күнге карантинге жабу шарасы қарастырылған. Осы мерзім аралығында адамның вирусты жұқтырғаны белгі беруі тиіс.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!