Әлемдегі табысы ең жоғары баскетболшылар кім?

17:56, 18 қазан 2021

© Сурет: zakon.kz

"Лос-Анджелес Лейкерс" шабуылшысы Леброн Джеймс Forbes мәліметтері бойынша НБА-2021/22 маусымындағы ең жалақысы жоғары баскетболшы болып отыр, деп хабарлайды zakon.kz.

НБА-ның төрт дүркін чемпионының осы маусымдағы жалпы табысы 111,2 млн долларды құрайды. Бұл – НБА тарихындағы рекордтық табыс. 41,2 млн доллар ойыншының жалақысы, ал 70 млн-ды Леброн жарнамадан және басқа да жобалардан табады. Өткен маусымда Джеймс 96,5 млн доллар табыс тапты.

Екінші орында "Голден Стэйт" ойыншысы Стефен Карри (92,8 млн), үшінші орында – "Бруклин" шабуылшысы Кевин Дюрент (87,9 млн).

Сондай-ақ, Леброн Джеймс тағы бір салада жоғары көрсеткіштерімен ерекшеленді. ESPN сарапшысы Кендрик Перкинс Ұлттық баскетбол қауымдастығының тарихындағы ең үздік ойыншылар рейтингін жасады.
Перкинстің пікірінше, ең үздік баскетболшы – Лос-Анджелес Лейкерс-тің серкесі – Леброн Джеймс. Кендрик тізімінде екінші орында "Чикаго Буллз" командасының аты аңызға айналған ойыншысы Майкл Джордан тұр. Перкинс рейтингінің үздік үштігіне даңқ залының мүшесі Кәрім Абдул-Джаббар кіріпті.

Ондыққа сонымен қатар Лос-Анджелес Лейкерс аңызы Маджик Джонсон, НБА-ның үш дүркін чемпионы Ларри Бирд, әйгілі баскетболшы Шакил О'Нил, дүлей баскетболшы Уилт Чемберлен, НБА-ның бес дүркін чемпионы Тим Данкан, Лос-Анджелес Лейкерс ойыншысы Коби Брайант және НБА-ның 11 дүркін чемпионы Билл Расселл кірді.

Бақытжан Отарбаева


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!