Әлем чемпионы атағына таласатын шахматшылар анықталды

14:23, 19 қараша 2021

© Сурет: instagram/lachesisq

26 қараша мен 15 желтоқсан аралығында Дубайда әлемнің үздік шахматшысы анықталады. Бұл атаққа қазіргі чемпион, норвегиялық Магнус Карлсен мен ресейлік Ян Непомнящий таласады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Турнирдің жүлде қоры 2 млн еуро, бұл барлық алдыңғы чемпиондық матчқа қарағанда ең үлкен рекордтық сома. Жеңімпаз қаржының 60% алады, ал жеңілген – 40%; егер тай-брейкке жетсе, онда жүлде қоры 55-те 45-ке бөлінеді.

Шахматшылар 40 жүріске 120 минут, содан кейін 20 жүріске 60 минут және 61 жүрістен бастап әр жүріске 30 секунд қосып, партияның соңына дейін 15 минут уақыт бақылаумен 14 партияны ойнайды. Матч тең аяқталған жағдайда тай-брейк өткізіледі.

Дайана Тоқберген


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!