Дүние салған әйел бір сағаттан кейін тіріліп кетті
© Сурет: pixabay.com
АҚШ-тың Мэриленд штатында таңғажайып оқиға орын алды. О дүниелік болған Кэти Паттен 45 минуттан соң әрі сегізінші немересі дүниеге келер алдында тіріліп кетті, деп хабарлайды zakon.kz Lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Кейуананың клиникалық өлім жағдайында болғаны баса айтылады.
Қызы Фифер босану үшін перзентханаға түседі. Әйел де асыға-үсіге оның артынан жетеді. Бірақ сегізінші немересін асыға күтіп отырған ол дәлізде құлайды. Сөйтсе әйел инфаркт алған болып шықты. Бірден оны жан сақтау бөліміне жатқызды, әйелдің жүрегі тоқтап, 45 минут бойы тіршілік белгісін бермеген, деп хабарлайды CBS Балтимор телеарнасы. Бұл кезде Фифер кесарево отасына дайындалып қойған еді. Сегізінші рет әже болуы тиіс әйел осы ота алдында есін жиып, өмірге қайта оралды. Қайта тірілген науқас перзентханаға келіп, көп ұзамай Алора есімді жаңа туған немересін құшағына алды.
Құдайға шүкір, ол маған екінші мүмкіндік берді. Енді мен мүмкіндігінше жақсы адам боламын, - деді әже.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:13, 3 қараша 2022
«Барыс» ҚХЛ аясындағы ойындарда 14-ші жеңілісін тіркеді
-
21:55, 3 қараша 2022
Илон Маск G20 саммитіне қатысады
-
18:50, 3 қараша 2022
Пәкістанның бұрынғы премьер-министріне саяси шеру кезінде оқ атылды
-
14:06, 1 қаңтар 2022
Ким Чен Ын: 2022 жыл – «Өліммен күрес» жылы
-
10:24, 18 желтоқсан 2021
Ресей Ашық аспан келісімінен шығу туралы шешім қабылдады