Долларға «шомылған» өзбек әншісі лицензиядан айырылды

08:51, 15 қазан 2019

"Өзбекконцерт" өзбектің танымал әншісі Жахонгир Атаджановты лицензиясынан айырды, деп хабарлайды Podrobno.uz.

Оған себеп – сахнаға доллардан жасалған алқа тағып шыққаны мен жанкүйерлерінің жан-жағынан үстіне доллар шашқаны бейнеленген видеоның әлеуметтік желіде тарағаны.

 

- Жахонгир Атаджанов қасиетті Рамазан айында ұятты ұмытып, этикаға, ұлттық дәстүрге сай келмейтін қылық жасады, – делінеді "Өзбекконцерт" хабарламасында.

 

Әншінің өзі болса, шектен шығатындай қылық жасаған жоқпын деп санайды. "Өзбекконцерт" лицензиямды ала берсін, "ұлтымыздың өркениетті болып келе жатқанына қуанамын", деп жазды ол.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!