Бүгін Түркияда Мұстафа Ататүрікті еске алу күні атап өтілуде
© Сурет: ortcom.kz
Жылда 10 қарашада Түркия қазіргі Түркия Республикасының негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүрікті еске алады. Бүгін ұлы тұлғаның дүниеден қайтқан күні екен, деп хабарлайды Zakon.kz.
10 қарашада Түркия көшелерінде бір сәтте барлық көлік пен жаяу жүргіншілер тоқтап, Түркия Республикасының негізін қалаушы тұңғыш Президент, реформатор, әскери қолбасшысы және әлемдік деңгейде танымал тұлға Мұстафа Кемал Ататүрікке құрмет көрсетеді.
Ол 1881 жылы дүниеге келіп, 1938 жылы 10 қарашада өмірден озды. Содан бері әр жылы дәл осы уақытта Түркия бойынша еске алу рәсімдері өтеді.
Астанадағы Юнус Эмре түрік мәдениет орталығы директорының міндетін атқарушы Алмагүл Исина Ататүрік тарапынан жүзеге асырылған реформаларға қысқаша былай тоқталады:
- 1923 жылы 29 қарашада Түркия Республикасының құрылғаны туралы жариялады.
- 1926 жылы 17 ақпанда Азаматтық кодексті қабылдады.
- 1930-1934 жылдар аралығында Азаматтық кодекс аясында әйелдерге сайлау және сайлану құқықтарының берілуін қамтамасыз ететін заңға қол қойды.
- 1928-1937 жылдары аралығында мемлекеттің зайырлылылығын Ата заң аясында мығымдады.
- 1925 жыл 30 қарашада тариқаттардың жойылуы, ғибадат орындары және дәргаһтардың жабылуы туралы заңды бекітті.
- 1925 жыл 25 қарашада Түркияны заманауи мемлекеттер қатарына қосу мақсатымен ерлердің бас киімі мен киім үлгілерін Батыс елдерінің нормаларына сәйкестендіруге арналған "Бас киім" және "киім" реформасын жүзеге асыратын заң қабылданды.
- Сағат және күнтізбені әлемдік тәжірибеге негіздей отырып ауыстырды. Хиджри күнтізбе, апталық демалыс күндердің жұма болуы, ескі сандардың қолданылуы түрік қоғамы мен әлем қауымдастығы арасындағы қарым-қатынаста қиындық туындататын. Сондай-ақ, бұрынғы "дирхам", "құлаш", "қарыш", "эндаз" т.б. сияқты кейбір өлшемдердің орнына 1931 жылы 23 наурызда қабылданған заңмен грамм, килограмм, тонна, метр, километр сияқты өлшемдер қолданысқа енгізілді. Осылайша, ел ішінде де жаңа өлшемдер мен салмақтардың стандарты бекітілді.
- Аты-жөні туралы заңға қол қойды. 1934 жылы 21 маусымда қабылданған заңмен күнделікті өмірде тегінің болмауынан туындаған қиындықтар мен түсініспеушіліктің алдын алу үшін әрбір түрік азаматы өзіне фамилия алуға міндеттелді. Осы аяда бекітілген тегі туралы заңнан бес ай өткен соң Түркия Парламенті Президент Мұстафа Кемалға "Ататүрік" тегін берді. 1934 жылы 17 желтоқсанда қабылданған заңмен бұл фамилияны басқа адамдардың пайдалануына тыйым салынды. Сол жылы қабылданған басқа заңмен артықшылықтарды білдіретін ескі атауларға тыйым салынып, заң алдындағы теңдік принципін жүзеге асыруда маңызды қадам жасалды. Лақаптар мен қосалқы атақ-шендер жойылды. Бұрын қолданыста болған "аға", "қажы", "молла", "хафыз", "ханым", "хазреттері" т.б сияқты атақтар мен лақаптардың орнына азаматтардың заң алдындағы статусы тек қана аты-жөндерімен белгіленді.
- Білім және тәрбие істері жөнінде реформаны жүзеге асырды. Османлы кезінде ашылған медреселер мен бастауыш, орта және орта мектептердің Республиканың алғашқы жылдары қоғамға қажет кадрларды даярлауда, әсіресе, сан жағынан жеткіліксіз екенін анықталды. Осы себепті Ататүріктің басшылығымен Түркия Парламенті заң қабылдап, махаллалардағы мектептер мен медреселердің орнына Анадолының әртүрлі қалаларында кәсіптік мектептер, техникумдар, мұғалімдер даярлайтын мектептер, орта мектептер мен лицейлер ашты.
- Түркия латын алфавитін қабылдады. Әріптері бөлек жазылатын алфавиттің түрік тілінің дыбыстық ерекшеліктеріне көбірек сәйкес келетіні, білім беруді әлдеқайда жеңілдететіні ескеріле отырып, латын әріптеріне негізделген жаңа түрік алфавитіне көшті. Жаңа алфавит батыс өркениетімен үндесуге үлкен үлес қосты.
- Ататүрік тіл реформасын жүзеге асырды. Түрік тілін қысқа мерзімде жаңа түрік алфавитімен әлемдегі ең бай, ғылым мен білім тілдерінің біріне айналдыруды мақсат еткен Ататүрік 1932 жылы 12 шілдеде Түрік тілін зерттеу қоғамын құрды, кейінірек ол Түрік тілі институты болып өзгертілді.
Айта кетсек, Алматыда биылғы жылдың басында Түркия Республикасының 100 жылдығына орай түрік мемлекетінің тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүрік ескерткішінің салтанатты ашылу рәсімі өткен болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:37, 10 желтоқсан 2024
Сирияда түрмелерден мыңдаған адам босатылды
-
09:11, 10 желтоқсан 2024
Тбилисидегі наразылық шараларына байланысты Грузияда пиротехникалық заттарды қолдануға шектеу қойылады
-
12:40, 9 желтоқсан 2024
Жапонияда 4 күндік жұмыс аптасы енгізіліп жатыр
-
17:20, 8 желтоқсан 2024
Трамп Украинадағы соғысты тоқтату үшін Ресеймен келісім жасағысы келіп отыр
-
17:02, 8 желтоқсан 2024
Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионатының алтынына таласады