Атамбаев абақтыға жабылды – оған айып тағылды

11:28, 9 тамыз 2019

Алмазбек Атамбаев МҰҚК тергеу изоляторына қамалды. Бұл туралы адвокат Сергей Слесарев хабарлады, деп жазады akipress.org.

Атамбаевты тергеу 9 тамызда түнгі сағат 1-ге дейін созылды.

Бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевқа жемқорлық бойынша ресми айып тағылды. Бұл туралы 24.kg сайтына оның адвокаты Сергей Слесарев мәлімдеді.

Оның сөзінше, ІІМ тергеушісі Атамбаевқа қылмыс әлемінің авторитеті Азиз Батукаевты түрмеден заңсыз босатты деген айып тақты.

- Бұл айыптау негізсіз. Оны куәгер ретінде шақырған, бірақ тергемеген болатын. Енді бірден күдікті етіп отыр. Бұл алдын ала жоспарланған сценарий. Бұл әрекеттер заңсыз, өйткені экс-президент ретінде Алмазбек Атамбаевтың қол сұғылмаушылық құқықтылығы бар, - деді Сергей Слесарев.

Алмазбек Атамбаевқа басқа айыптар тағылуы мүмкін бе деген сұраққа заңгер жауап бере алмады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!