Apple пиццаға арналған қорап шығара бастады

18:23, 17 мамыр 2017

Apple компаниясының құрастырушылары Пиццаға арналған қорапты патенттеді. Қаптамалар Apple Park жаңа кампусының кафетериясында қолданылады.

Шаршы формадағы, картоннан жасалған классикалық нұсқадан қарағанда Apple қораптары шағын көлемде және дөңгелек формада. Ол бір адамға арналған пиццаға лайықталған. Қаптаманың көлемі мен пішіні қызметкерлердің асты өздерімен алып кетуіне ыңғайлы. Қорапты құрастырушылардың бірі компания кафесінің бастығы — Франческо Лонгони.

Бірегей өнімнің ерекшелігі контейнердің қақпағында бірнеше саңылау бар. Ол қамырдың дымқылданып кетпеуі үшін жасалған.

Интернет қолданушылары бұл «гаджеттің» қажеттілігіне күмән білдірді.

Еске салсақ, өткен жылы компания иілгіш тұтқасы бар қағаз пакеттерін де патенттеген болатын.

Дереккөз: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!