Анджелина Джоли есінен танып, ауруханаға түсіп қалды

12:33, 17 сәуір 2018

Голливуд жұлдызы, әйгілі актриса Анджелина Джоли әлсіреген халде ауруханаға түсті. Бұл жағдай бірнеше күн бұрын болған екен, алайда БАҚ өкілдеріне енді хабарланып отыр, деп жазады Sn.kz.

Есінен танып қалған Анджелина Джолиді жедел жәрдеммен үйінен алып кеткен. Актрисаның сенімді өкілдері мұндай жағдайдың өткен айда да қайталанғанын айтып отыр. Ол кезде Джолиді ауруханаға жедел жәрдем емес, белгісіз ер азамат жеткізіпті. Бірақ, оның кім екенін Голливуд жұлдызы айтпауды жөн санады.

Тексеруден өткен Анджелинаның қатты шаршағаны анықталған. Жақындары да актрисаның әлсірегенін және психологиялық проблемасы да барын мойындайды. Оны мұндай халге ұйқысыздығы мен тәбетінің жоқтығы алып келіпті. Бірақ, Джоли денсаулығында кінәрат барын өзі мойындағысы келмейді.

Айта кетсек, Анджелина Джоли бірер жыл бұрын сүт безінің қатерлі ісігіне шалдығып, ота жасатқан болатын.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!