Ан-148 ұшағының апатқа ұшырау себебі анықталды
Мәскеу түбінде Ан-148 ұшағының құлау себебі қабылдағыштарда мұз қатып қалуынан ұшу жылдамдығы туралы жалған ақпараттың берілуі болуы мүмкін, деп хабарлады Sputnik Қазақстан Мемлекетаралық авиациялық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Тіркелген деректерді бастапқы талдау бойынша, сонымен бірге соған ұқсас бұрын болған жайттарды саралай келе, ұшу кезінде тосын жағдайдың орнығуына ұшқыш индикаторындағы жылдамдықтың қате көрсетілуі себеп болуы мүмкін деп ойлаймыз, ал ол өз кезегінде жылыту жүйесі сөніп, толық қысым қабылдағыштардың қатып қалуына байланысты қате көрінген сияқты", — делінген хабарламада.
Үш толық қысым қабылдағышының өшіп қалу себебін анықтау үшін тергеу комиссиясы борттағы дыбыс магнитофонын зерттеп, экипаждың әрекетін, қабылдағыштармен қалай жұмыс істегенін білуге тырысады, сонымен қатар жылыту жүйесінде болуы мүмкін ақауларды анықтайды.
11 ақпанда Домодедоводан ұшып шыққан "Саратовские авиалинии" компаниясының Ан-148 ұшағы Ор қаласына бет алған еді, алайда екі минут өтер-өтпесте апатқа ұшыраған. Бортта 65 жолаушы мен алты экипаж мүшесі болған. Бәрі қаза тапты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:13, 3 қараша 2022
«Барыс» ҚХЛ аясындағы ойындарда 14-ші жеңілісін тіркеді
-
21:55, 3 қараша 2022
Илон Маск G20 саммитіне қатысады
-
18:50, 3 қараша 2022
Пәкістанның бұрынғы премьер-министріне саяси шеру кезінде оқ атылды
-
14:06, 1 қаңтар 2022
Ким Чен Ын: 2022 жыл – «Өліммен күрес» жылы
-
10:24, 18 желтоқсан 2021
Ресей Ашық аспан келісімінен шығу туралы шешім қабылдады