АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтон ауруханаға түсті

10:36, 15 қазан 2021

© Сурет: twitter.com

АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтон ауруханаға түсті, деп хабарлайды zakon.kz РБК-ға сілтеме жасап.

12 қазанда денсаулығы күрт нашарлағаннан кейін ол Калифорния ауруханаларының біріне жеткізілді. CNN хабарлағандай, ауруханаға COVID-19-бен емес, инфекцияға байланысты жатқызған. Қанның инфекциясы салдарынан зәр шығару жолындағы инфекцияның асқынуы денсаулығының нашарлауына әкелді.

75 жастағы саясаткер сауығып келеді және көңіл-күйі жақсы, деді экс-президенттің ресми өкілі.

Саясаткер антибиотиктермен емделуде, дәрігерлердің айтуынша, ем оң әсерін тигізуде.

Уильям Джефферсон (Билл) Клинтон 1993 жылдан 2001 жылға дейін АҚШ президенті болды.

Бақытжан Отарбаева


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!