АҚШ өз территориясында туылған шетелдіктердің балаларына азаматтық беруді доғармақ

21:31, 9 желтоқсан 2024

© Сурет: Facebook/Donald J. Trump

Туу бойынша азаматтық алу құқығын беру АҚШ Конституциясына 14-ші түзетулерінде қарастырылған. Трамп алдыңғы президенттік кезеңінде бұл түзетудің күшін жоймақ болған, қазір де ол бұл ниетінен қайтпапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Американың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп бұл туралы NBC News-ке берген сұқбатында айтты.

1868 жылы 9 шілдеде азамат соғысы аяқталғаннан кейін АҚШ Конституциясына 14-ші түзету енгізілді. Осы түзетуге сәйкес,"Америка Құрама Штаттарында туылған немесе осында тұлға болып қалыптасқан және олардың юрисдикциясына жататын барлық адам Америка Құрама Штаттарының азаматтары болып табылады".

"Білесіз бе, осындай нормасы (туа салып, сол елдің азаматтығын алу құқығына ие болу) бар біз жалғыз елміз", – деді Трамп. Ол мұны "ақылға қонымсыз" деп санайды.

Дегенмен 30-дан астам ел өз аумағында туылған жандарға, соның ішінде Канада мен Бразилия да азаматтық береді. Алайда, республикашылды бұл факті қызықтырмады. Ол барлық заңсыз мигранттарды депортациялаймын деп доқ көрсетті, онда да бұл істі "қылмыскерлерден" бастап, содан кейін "басқаларына" кірісуге уәде берді.

Бұған дейін Дональд Трамп NBC News-тің тілшісі Кристен Уэлкерге кең ауқымды сұқбат бергені хабарланған. Бұл - оның 5 қарашадағы сайлауда жеңіске жеткеннен кейінгі алғаш рет теледидар бетінен көрінуі.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!