АҚШ актері Алек Болдуин абайсызда адам өлтірді

12:23, 22 қазан 2021

© Сурет: instagram / alecbaldwininsta

Актер Алек Болдуин фильм түсіру кезінде оператор әйелді байқаусызда атып жіберді, деп хабарлайды zakon.kz.

Оқыс оқиға Rust (Шірік) фильмін түсіру кезінде орын алған.

РИА Новости мәліметіне сай, қару бос оқтармен оқталуы керек болған. Алайда тапаншадан атылған оқ байқаусызда режиссер мен 42 жастағы оператор Халина Хатчинсқа тиген. Ауыр жарақат алған әйел Альбукерке қалалық ауруханасына әуе арқылы жеткізілген. Алайда дәрігерлер оның өмірін құтқара алмапты.

Полиция Болдуинге қатысты әзірге ашқандай айып тағылмағанын айтты.

Тапаншаның не себепті қарулы патрондармен зарядталғаны жайлы, сондай-ақ актердің режиссер мен операторға оқ атуының себебі туралы ақпарат берілмеді.

Дайана Тоқберген


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!