Ақ үйге көшер алдында Байден көз жасына ерік берді

12:34, 20 қаңтар 2021
1302

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Джо Байден Ақ үйге көшерден бір күн бұрын өзінің туған қаласы Дилавэр штатындағы Уилмингтон қаласы тұрғындарымен қоштасып, көзіне жас алды, деп хабарлайды zakon.kz Unilad-қа сілтеме жасап.

Мен үшін бұл өте көңіл толқытар сәт. Менің бүкіл мансабым, жақсы-жаман күндерім осы қалада өтті, - деді ол.

Өз сөзінде ол жары Джилл Байденмен қалай кездескенін, марқұм ұлы Бо Байденнің бұл қаланы қалай жақсы көргенін айтты.

Менің өзегімді өртейтін тек бір ғана өкініш бар, қазір ол менің жанымда жоқ - деп Байден.

Сондай-ақ олөз сөзінде Делавэрды "үміттің, жарқын сәттердің және шексіз мүмкіндіктердің орыны" деп сипаттады.

Байден 20 қаңтарда туған қаласынан кетіп, Вашингтондағы COVID-19 құрбандарына арналған Линкольн мемориалына бет алады. Ант қабылдағаннан кейін ол Ақ үйге көшеді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!