30 жылда 145 диплом алған оқымыстының білімі басына сыймай қалды

09:55, 26 сәуір 2019

Үндістанда тұратын Партибан деген оқымысты көптеген саланы меңгерген. Соның нәтижесінде профессор Ченнаидің әртүрлі колледждерінде 100-ден астам пәннен студенттерге дәріс оқиды, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Ол құқық, коммерция, өнер, бизнесті басқару және тағы басқа салалар бойынша магистр дәрежесін алған. 50 жастағы профессор үнемі жаңа нәрсені меңгеріп, білуге құмартып тұратынын айтады.

Партибан ең бірінші дипломын алған кезде, сабақ үлгерімі жақсы болмаған. Артынша жақсы дайындықпен университетке қабылданып, екінші дипломын алған. Содан кейін үшінші. Осылайша дипломдар саны 145-ке жеткен.

Алайда мұның теріс жағы да бар екен. Партибан адамдардың түрін және жолды жаттай алмайды. Ол күнде бір бағыт бойынша жүрсе де, ұмытып қалады.

Сондай-ақ, түрлі колледжде 100-ден аса пәннен сабақ беру де оңайға соқпайды. Кейде профессор аудиторияға барып, нені үйретуі керек екенін есіне түсіре алмайтын көрінеді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!