68 жастағы әйел 40 жыл бойы шалғай аралда жалғыз өзі тұрып келеді

14:42, 16 шілде 2018

68 жастағы Зоя Лукас Канададағы жылына 127 күн бойы тұман басып тұратын Сейбл аралында ағаш үйде тұрады. Ол осыған қарамастан, аралды 34 шаршы километрге игеріп, онда өз үйі секілді еркін өмір сүреді. Бұл туралы The Sun хабарлады, деп жазады Stan.kz.

Аралды 40 жыл бойы мекен еткен зейнеткер 400 жылқы мен 300 мың сұр итбалықтың және 350-ге жуық түрлі құстардың арасында өмір сүріп, өзін тыныштықта жүргендей сезінеді.

Ол аралға алғаш рет 21 жасында студент кезінде келген. Оның елді-мекеннен шалғай жатқан аралға ғашық болғаны соншалық, ол бұл жерді өзінің баспанысы етуді шешті.

«Мен аралға қайта оралғым келіп әбден күйзелдім. Бастапқыда аралға жылқылар үшін келген болатынмын», – дейді әйел.

Аралдың табиғатына ғашық болған зерттеуші қазір туған еліне сирек барады. Әйелдің туған жері Канаданың Жаңа Шотландия провинциясындағы Галифакс қаласы. Қазір ол онда тек азық-түлік алуға ғана барып тұрады. 68 жастағы зейнеткердің үйіне айналған бұл аралға тек қайықпен немесе чартерлік ұшақпен ғана жетуге болады.

Дала өміріне үйреніп қалған әйел күні бойы аралдың экологиясын зерттеп, ғалымдарға көмектесу үшін жылқылардың сүйектерін жинайды. Сейбл аралындағы жылқылар XVIII ғасырда ауыл шаруашылығы жұмыстары үшін әкелінген. Ал, 2013 жылы бұл арал ұлттық табиғи қорыққа айналды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!