1 ақпаннан бастап Ресейде әлеуметтік желілерге талап күшейді

Бүгіннен бастап Ресейде әлеуметтік желілерге талапты күшейтетін федералдық заң күшіне енеді. Желі иелері тыйым салынған контентті іздеп, оларды бұғаттауы тиіс, деп хабарлайды zakon.kz Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.
Енді әлеуметтік желілерде былапыт сөздер мен рұқсат етілмеген митингтерге үндеу жарияланбауы керек. Бұның алдында "экстремистік" материалдардың жариялануына тыйым салынған еді. Мұндай материалдар қатарына "Роскомнадзордың" ресми ұстанымына қайшы пікірлер де кіріп кетіп жүр.
Билік тыйым салған жазбаны алып тастаудан бас тартқан сайттардың иелері 100 мың рубль ($1,3 мың) айыппұл төлейді. Желі немесе хостингті заңды тұлға иеленсе, оған 3-8 миллион рубль аралығында айыппұл салынады. Заң тағы бұзылса, желі иесі жылдық табысының 20 пайызынан айрылуы мүмкін.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:45, 14 сәуір 2021
Нигерияда 20 оқушы тірідей өртеніп кетті
-
09:45, 14 сәуір 2021
NASA Қазақстанға алғыс білдірді
-
16:47, 13 сәуір 2021
Қытай өз вакцинасының тиімсіз екенін мойындады
-
16:09, 13 сәуір 2021
Биткоинның құны 62,7 мың доллар болып алды
-
10:27, 13 сәуір 2021
Ресей Түркиямен арадағы әуе рейстеріне шектеу қойды
Пікір