Жібек Құламбаева Үндістанда өткен ITF турнирінің жекелей және жұптық сынында топ жарды
© Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Нагпур қаласында өткен ITF W15 сериясындағы турнирдің абсолютті жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Үндістан корттарында қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмаған Жібек жұптық сындағы табысын жекелей кестедегі бас жүлдемен толықтырды.
Шешуші матчта Құламбаева (WTA №419) жергілікті теннисші Сонал Патилмен (WTA №1159) кездесті. Жібек алғашқы минуттардан бастап басымдықты өз қолына алып, ойын тізгінін толық бақылауда ұстады. Финалдық бәсеке қазақстандық спортшының пайдасына 6:1, 6:3 есебімен, екі сетте сенімді жеңіспен аяқталды.
Нагпурдағы бұл қос жеңістің маңызы ерекше: жекелей және жұптық сындағы табыстар Жібек үшін алған жарақатынан айығып, кортқа қайта оралғаннан кейінгі осы маусымдағы алғашқы титулдар болды. Құламбаева бүкіл турнир бойы тамаша физикалық дайындығы мен психологиялық төзімділігін көрсетіп, өз шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Еске салайық, 10-11 сәуір күндері Жібек Құламбаева Қазақстан ұлттық құрамасы сапында әлемдік командалық чемпионат – Billie Jean King Cup турнирінің іріктеу кезеңіне қатысады. Астанада өтетін бұл сында біздің команда Канада құрамасына қарсы ойнайды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:51, 28 мамыр 2026
Қазақстандық садақшылар Түркиядағы Әлем кубогы кезеңінде бақ сынайды
-
22:11, 28 мамыр 2026
Қазақстан жасөспірімдер арасындағы күрес чемпионатында алғашқы алтын медалін жеңіп алды
-
21:55, 28 мамыр 2026
Әлемнің 1-ракеткасы «Ролан Гарростың» екінші айналымында жеңіліп қалды
-
19:33, 28 мамыр 2026
Әртістік жүзуден Әлем кубогының кезеңінде ел намысын кімдер қорғайды
-
19:10, 28 мамыр 2026
Елизавета Матвеева жеңіл атлетикадан Кипрдегі халықаралық турнирде бақ сынайды





