Суға жүзуден ұлттық құрама Ислам ынтымақтастық ойындарын 11 медальмен аяқтады
© Сурет: ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
Суға жүзуден ҚР ұлттық құрамасы VI Ислам ынтымақтастық ойындарын 11 медальмен аяқтады. Құрама қоржынында 11 медаль бар, оның үшеуі - алтын, бесеуі - күміс және үш қола медлаь, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің хабарлауынша, үш алтын медальдың екеуін Софья Сподаренко еншілеген. Тағы бірі Әділбек Мусиннің еншісінде.
Алтын медаль иегерлері:
- Софья Сподаренко – 50 метр баттерфляй
- Софья Сподаренко – 100 метр баттерфляй
- Әділбек Мусин – 50 метр баттерфляй
Күміс медаль иегерлері:
- Максим Сказобцов – 50 метр баттерфляй
- Әділбек Мусин – 100 метр баттерфляй
- Қазақстанның ерлер командасы – 4×100 метр еркін әдіспен эстафета
- Қазақстанның ерлер командасы – 4×100 метр кешенді эстафета
- Қазақстанның ерлер командасы – 4×200 метр еркін әдіспен эстафета
Қола медаль иегерлері:
- Айбат Мырзамұратов – 100 метр брасс
- Айбат Мырзамұратов – 200 метр брасс
- Айбат Мырзамұратов – 200 метр кешенді жүзу.
Айта кетсек, Қазақстан қоржынына ауыр атлеттер 11 медаль салған болатын. Оның үшеуі - алтын, төртеуі - күміс және тағы төртеуі қола медаль.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:44, 22 ақпан 2026
Нариман Құрбанов Германияда қола медаль иеленді
-
09:56, 22 ақпан 2026
ҚПЛ-2026: «Қайрат» ФК Алматыда қатарынан үш матч өткізеді
-
09:32, 22 ақпан 2026
Джеки Чан, Головкин және Шайдоров Миланда кездесті
-
17:11, 21 ақпан 2026
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
-
16:41, 21 ақпан 2026
Қазақстандық үш гимнаст Германиядағы Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты





