Олимпиада чемпионы Томаш Махач Almaty Open ATP 250 турниріне қатысады
© Сурет: ktf.kz
Олимпиада чемпионы әрі үздік теннисшілерінің бірі Томаш Махач 17-25 қазан аралығында Алматыда өтетін ATP 250 санатындағы халықаралық Almaty Open турниріне қатысатынын растады, хабарлайды Zakon.kz.
Қазіргі таңда 25 жастағы чех теннисшісі ATP рейтингінде 58-орында тұр. Кейінгі екі маусымда Томаш Махач әлемдік турдың жетекші ойыншыларының қатарына еніп, ATP деңгейінде үш титул жеңіп алды.
Оның мансабындағы ең үлкен жетістік – 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарының алтын жүлдесі. Томаш Махач жерлесі Катерина Синяковамен бірге аралас жұптық сында (микст) Чехия құрамасына Олимпиада алтынын сыйлады.
Махачтың еншісінде жекелей сында екі ATP титулы бар: 2025 жылы Акапулькода өткен ATP 500 турнирі мен 2026 жылы Аделаидадағы ATP 250 жарысының жеңімпазы атанды. Сонымен қатар ол жұптық сында бір ATP титулын жеңіп алған. ATP турындағы табысты өнеріне дейін Томаш ATP Challenger сериясының алты турнирінде топ жарған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:47, 10 тамыз 2026
Рыбакина Торонтодағы турнирдің ширек финалына жолдама алып, басты қарсыласын артта қалдырды
-
09:26, 10 тамыз 2026
ҚМА блогер Махмуд Хикматовқа іздеу жариялады
-
19:06, 9 тамыз 2026
Ахмади Маханов алғаш рет World Tennis J100 турнирінің чемпионы атанды
-
17:53, 9 тамыз 2026
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы триатлоннан Азия кубогы кезеңінде екі алтын медаль жеңіп алды
-
16:38, 9 тамыз 2026
Соня Жиенбаева Испаниядағы W75 турнирінің чемпионы атанды





