Лев Черепанов Азия чемпионатындағы қола жүлде жайлы: Бәрі соңғы 100 метрде шешілді
© Сурет: olympic.kz
Қазақстандық Лев Черепанов Гонконгтағы ашық суда жүзуден Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды. Ол спортшы жарыстың өте тартысты өткенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Өз өнерімді сәтті деп бағалаймын. Медалдың аты медаль. Қашықтықты жүзіп өту қиын болды. Жарыс үлкен тартыспен өтті, бәрі соңғы 100 метрде шешілді.
Өкінішке қарай, 5 шақырымдық жарыс ауа-райының қолайсыздығына байланысты болмайтын болды. Ал, біз ашық суда жарысудамыз, сондықтан жарысты тоқтату туралы шешім қабылданды.
Азия чемпионатында бәсекелестік айтарлықтай артқан. Барлық командалар өте жылдам жүзіп, лайықты нәтижелер көрсетуде. Менің мақсатым жай ғана жүлдегерлер қатарына ену болды", - дейді спортшы.
Еске салайық, Лев Черепанов ашық суда жүзуден Азия чемпионатында 10 шақырым қашықтықта үшінші орынға ие болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:22, 11 қараша 2025
Каратэ шебері Никита Тарнакин Ислам ынтымақтастығы ойындарының жартылай финалына шықты
-
19:10, 11 қараша 2025
Исламиада-2025: қазақстандық зілтемірші әлем рекордшысын жеңіп, алтын медальға ие болды
-
17:20, 11 қараша 2025
Қазақстандық суда жүзушілер Ислам ынтымақтастығы ойындарында алтын үшін сынға түседі
-
23:44, 10 қараша 2025
Қазақстан үстел теннисінен Ислам ынтымақтастығы ойындарында алтын медаль еншіледі
-
21:40, 10 қараша 2025
Едіге Емберді ауыр атлетикадан Ислам ынтымақтастығы ойындарында тағы екі медаль жеңіп алды





