Қазақстандық гимнаст Румыниядағы Challenge Cup кезеңінде жүлдеге бір қадам жетпей қалды
© Сурет: olympic.kz
Қазақстандық гимнаст Айбота Ертайқызы Румынияның Клуж-Напока қаласында өткен Challenge Cup кезеңінде жүлдеге бір қадам жетпей қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Спортшы таспамен орындалатын жаттығуда төртінші нәтижені көрсетті. Финалда Айбота 26,850 ұпай жинады.
Бұл жаттығу түрінде алтын жүлдені Украина өкілі Таисия Онофрийчук жеңіп алды – 29,050 ұпай.
Күміс жүлде америкалық Рин Кизге бұйырды – 28,050 ұпай. Ал қола медальді Израиль гимнасты Мейталь Мааян Сумкин иеленді – 27,650 ұпай.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:03, 14 шілде 2026
Дзюдодан Asian Open турнирі: Қазақстан спотшылары сегіз медаль жеңіп алды
-
11:37, 14 шілде 2026
«Сутьеска» – «Қайрат»: алматылық клуб Черногорияға жетті
-
09:58, 14 шілде 2026
Рыбакина Уимблдоннан кейін WTA рейтингінде қай орынға тұрақтады
-
21:59, 13 шілде 2026
Астанада халықаралық World Tennis W15 турнирінің алғашқы аптасы аяқталды
-
18:31, 13 шілде 2026
Астанада шорт-тректен жасөспірімдер арасында Әлем кубогының кезеңі мен әлем чемпионаты өтеді





