Қазақстандық балуандар Моңғолиядағы турнирде тағы үш медаль жеңіп алды
© Сурет: olympic.kz
Күрес түрлерінен Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан рейтингтік турнирдің кезекті жарыс күнінде Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, үш жүлденің барлығы - қола медаль.
Грек-рим күресінен 63 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Еркебұлан Ардақов қола медаль үшін өткен белдесуде оңтүстіккореялық Хёнун Чхведен басым түсті.
130 келіге дейінгі салмақта Олжас Сырлыбай үндістандық Джогиндер Ратхиді сенімді жеңіп, жарысты үшінші орынмен аяқтады.
Ал әйелдер күресінде 57 келіге дейінгі салмақта Нилуфар Раимова сингапурлық Даниэль Сью Чинг Лимді жеңіп, қола жүлдеге қол жеткізді.
Өкінішке қарай, 50 келіге дейінгі салмақта Марал Тәңірбергенова қола медаль үшін өткен белдесуде жеңіліп қалды.
Сондай-ақ 72 келіге дейінгі салмақтағы Жәмила Бақбергенова жарысты мерзімінен бұрын аяқтады. Ол қола жүлде үшін күресуі тиіс болған. Алайда федерацияның баспасөз қызметінің мәліметінше, қазақстандық балуан жарақат алып, жарыстан шығып қалды.
Айта кетейік, бұған дейін грек-рим күресінің өкілі Нұрасыл Аманалы (97 келіге дейін) күміс жүлдегер атанған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:57, 7 маусым 2026
Анна Данилина тағы да «Ролан Гаррос» турнирінің жеңімпазы атағынан қағылды
-
11:03, 6 маусым 2026
Бибісара Асаубаева финалда жеңілсе де, турнир жеңімпазы атанды
-
20:59, 5 маусым 2026
Анна Данилина өз мансабында екінші мәрте «Ролан Гарростың» финалына шықты
-
19:51, 5 маусым 2026
Түркістандағы байдарка мен каноэде есуден АЧ: Қазақстан құрамасы 13 медаль жеңіп алды
-
19:42, 4 маусым 2026
Қазақстанның жас теннисшілері Азия командалық біріншілігінің іріктеу кезеңін сәтті бастады





