Қазақстан таеквондодан клубтар арасындағы Азия чемпионатында жеті медаль иеленді
© Сурет: olympic.kz
Қытайдың Уси қаласында таеквондодан клубтар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, аталған жарыста Қазақстан құрамасы жеті медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте төртінші орынға ие болды.
Жүлделер жиынтығы: екі алтын медаль, бір күміс медаль, төрт қола медаль.
Турнирде алтын жүлдені Мария Севостьянова (57 келіге дейін) мен Дамир Шуленов (68 келіге дейін) жеңіп алды.
Бейбарыс Қаблан (87 келіден жоғары) күміс медаль иеленді.
Қола медальға Нодира Ахмедова (49 келіге дейін), Тамирлан Тлеулес (58 келіге дейін), Алтаир Өмірбеков (74 келіге дейін) және Батырхан Төлеуғали (80 келіге дейін) қол жеткізді.
Бұған дейін теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы тарихта алғаш рет әлемдік рейтингіде алтыншы орынға көтерілгенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:03, 2 сәуір 2026
Ушу бойынша тарихи жеңіске жеткен Қазақстан құрамасын Алматыда қарсы алды
-
20:48, 1 сәуір 2026
Көркем гимнастикадан Гран-при турнирінде өнер көрсететін қазақстандықтар анықталды
-
22:19, 31 наурыз 2026
Кирилл Курдиди тректегі велоспорттан Азия чемпионатының чемпионы атанды
-
19:20, 31 наурыз 2026
Александр Шевченко Бухаресттегі ATP 250 турнирін жеңіспен бастады
-
18:22, 31 наурыз 2026
Римма Волосенко бокстан Азия чемпионатының 1/4 финалына шыға алмады





