Қазақстан күрестен жастар арасындағы Азия чемпионатында 22 медаль жеңіп алды
© Сурет: olympic.kz
Вьетнамның Дананг қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық балуандар байрақты бәсекеде жеті алтын, 10 күміс, бес қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.
Еркін күрес
- Нұрданат Айтанов (61 келіге дейін),
- Майис Алиев (70 келіге дейін),
- Нұрдәулет Сейілбеков (74 келіге дейін),
- Ризабек Айтмұхан (125 келіге дейін) алтын медаль алды.
Еламан Амангелді (54 келіге дейін), Ерхан Әбіл (79 келіге дейін), Абылайхан Үзембаев (86 келіге дейін) күмістен алқа тақты.
- Шаттық Алайдар (65 келіге дейін) қола медальға ие болды.
Грек-рим күресі
- Айбек Айтбеков (60 келіге дейін),
- Ислам Евлоев (97 келіге дейін) алтын медаль еншіледі.
Нұрмұхаммед Ибрахим (72 келіге дейін), Әлихан Дурсунов (77 келіге дейін), Ерасыл Жеңгіс (87 келіге дейін), Джохар Узаров (130 келіге дейін) күміс жүлдеге ие болды.
- Диас Нұрақов (63 келіге дейін), Кирилл Минько (82 келіге дейін) қола медаль алды.
Әйелдер күресі
Шұғыла Өмірбек (55 келіге дейін) алтыннан алқа тақты.
Алтын Шагаева (57 келіге дейін), Тыныс Дүбек (62 келіге дейін), Алина Ертөстік (76 келіге дейін) күміс жүлде еншіледі.
Лаура Ғаниқызы (50 келіге дейін), Виктория Хусаинова (59 келіге дейін) қола медальға ие болды.
Бұған дейін Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында тоғыз медаль жеңіп алғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:43, 27 шілде 2026
«UFC-ке оралмайды»: Шавкат Рахмоновтың дәрігері спортшының жағдайы туралы мәлімдеме жасады
-
11:18, 27 шілде 2026
Роналду ойнайтын Сауд Арабиялық клуб қаржылық дағдарысқа тап болды
-
09:34, 27 шілде 2026
«Қайрат» «Ордабасыны» жеңіп, Қазақстан Премьер-лигасының турнирлік кестесінде қайтадан көш бастады
-
15:01, 26 шілде 2026
Тарихи медаль! Артем Матусевич U23 әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
-
19:45, 25 шілде 2026
Үстел теннисі: Қазақстан WTT Youth Contender турнирінде алғашқы медалін жеңіп алды





