Қазақстан ерлер құрамасы биатлоннан 2025 жылғы Азия ойындарында екінші орынға ие болды
© Сурет: olympic.kz
Қазақстан ерлер құрамасы биатлоннан Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында екінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Биатлоншылар эстафеталық жарыста екінші нәтижені көрсетті. Медальді елімізге Александр Мухин, Әсет Дүйсенов, Кирилл Бауэр және Владислав Киреев әкелді.
Бірінші орынды Жапония құрамасы жеңіп алса, үшінші орын Қытайға бұйырды.
Айта кетейік, Қазақстан биатлоншылары Азия ойындарын төрт медальмен аяқтады. Владислав Киреев спринтте бірінші орын алды. Бұл санатта Вадим Куралес күміс медаль еншіледі. Әйелдер құрамасы эстафетада үшінші орын алса, ерлер құрамасы екінші болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:05, 12 шілде 2026
Қазақстандық 12 боксшы U23 Азия чемпионатының финалына шықты
-
19:08, 12 шілде 2026
Жеңіл атлетикадан жастар арасындағы Азия чемпионаты: Қазақстан тағы үш медаль жеңіп алды
-
12:55, 12 шілде 2026
Жеңіл атлетикадан жастар арасындағы Азия чемпионатында Ясмина Тоқсанбаева қола медаль иеленді
-
12:55, 12 шілде 2026
Жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева жастар арасындағы Азия чемпионатында қола медаль иеленді
-
09:25, 12 шілде 2026
Футболдан ӘЧ-2026: Роналдуға қарағанда Мессидің жолы болды





