Қазақстан әйелдер құрамасы күрестен Азия чемпионатының алғашқы күнінде жүлдесіз қалды
© Сурет: olympic.kz
Амманда (Иордания) әйелдер күресінен Азия чемпионатының финалдық кезеңі басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан құрамасының үш спортшысы қола медаль үшін бақ сынады. Алайда олардың ешқайсысы жүлдеге қол жеткізе алмады.
50 келі салмақта Светлана Анкичева Моңғолиядан барған Мунхнар Бямбасуренге жол берді.
59 келі салмақта Гүлдана Бекеш қытайлық Менгю Сеге есе жіберді.
68 келі салмақта Ирина Казюлина Үндістан өкілі Манси Лазаға ұтылды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы әйелдер күресінен Азия чемпионатының алғашқы күнінде жүлдесіз қалды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:42, 29 сәуір 2026
Армения мен Грузия алғаш рет жастар арасындағы футболдан әлем чемпионатын қабылдайды
-
18:14, 28 сәуір 2026
Экс-ресейлік теннисші Мадридтегі турнирде Рыбакинаны қалай жеңгенін айтып берді
-
17:20, 26 сәуір 2026
Елена Рыбакина 26 сәуірде 2024 жылғы Олимпиада чемпионына қарсы ойнайды
-
16:56, 25 сәуір 2026
Қазақстан құрамасы бокстан Әлем кубогы кезеңінде жеті медальді еншісіне жазды
-
09:47, 25 сәуір 2026
25 сәуірдегі футбол: қазақстандық клубтардан кімдер ойнайды





