«Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбеков жарақат алып қалды
© Сурет: instagram/f.c.kairat
14 қыркүйек 2025 жылы сағат 17:00-де басталған "Қайрат" пен "Ақтөбе" арасындағы ойында 10-минутта алматылық клубтың жұлдызды қақпашысы ауыр жарақат алды. Темірлан Анарбековті алаңнан зембілмен көтеріп шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан құрамасы мен "Қайраттың" қақпашысы Темірлан Анарбеков бұған дейін алматылық клубты УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шығарып, нағыз жұлдызға айналған еді.
Еске салайық, 2025 жылғы 27 тамыз түні "Қайрат" УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өтті. Алматы клубы Шотландияның "Селтигін" пенальти сериясында (3:2) жеңген еді. Сол ойында 21 жастағы қақпашы Темірлан Анарбеков үш бірдей допты қайтарып, командасына жеңіс сыйлап, нағыз қаhарман атанған.
Айта кетейік, алматылық "Қайрат" Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде алғаш рет өнер көрсетеді. 30 қыркүйекте өз алаңында клуб әйгілі "Реал Мадридті" қабылдайды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:05, 12 шілде 2026
Қазақстандық 12 боксшы U23 Азия чемпионатының финалына шықты
-
19:08, 12 шілде 2026
Жеңіл атлетикадан жастар арасындағы Азия чемпионаты: Қазақстан тағы үш медаль жеңіп алды
-
12:55, 12 шілде 2026
Жеңіл атлетикадан жастар арасындағы Азия чемпионатында Ясмина Тоқсанбаева қола медаль иеленді
-
12:55, 12 шілде 2026
Жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева жастар арасындағы Азия чемпионатында қола медаль иеленді
-
09:25, 12 шілде 2026
Футболдан ӘЧ-2026: Роналдуға қарағанда Мессидің жолы болды





