Хоккейден Қазақстан құрамасы сенсация жасап, Норвегияны ұтып кетті. Бапкер не дейді?
© Сурет: shaiba.kz
Шайбалы хоккейден Швеция мен Данияда өтіп жатқан әлем чемпионатының элитиалық дивизионын кеше Қазақстан құрамасы сенсациямен бастады. Топтағы алғашқы кездесуінде ұлттық құрама Норвегияны ұтып кетті. Енді олар бүгін, 11 маусымда Германия құрамасымен ойнайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Айта кетсек, элиталық дивизионның B тобында өнер көрсетіп жатқан Қазақстан құрамасы алғашқы матчта Норвегиямен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті.
"Біз қарсылас команданы талдадық, олардың Латвия құрамасына қарсы жолдастық кездесулерін қарап шықтық. Норвегтердің агрессивті ойын үлгісінде ойнайтынын білдік, сондықтан жігіттерден дәл сондай қарқынмен ойнауды сұрадық. Матчты баяу бастағанымызбен, Артём Королёвтің күш қолданған әдісі командаға серпін беріп, жинақталып алдық. Одан кейін текетірес басталды, жеке-дара сәттерде үстемдік көрсеттік. Екінші кезеңнің алғашқы жартысында басымдықты өз қолымызға алдық. Алайда, кейде ойын тәртібіне қатысты қиындықтар болды. Қақпашымыз Максим Павленко бірнеше рет команданы құтқарып қалды. Ол — адал әрі сенімді қақпашы. Жеңдік, енді әрі қарай жылжимыз", деп sportarena.kz хоккейден Қазақстан құрамасының бас бапкері Олег Болякиннің сөзін келтіреді.
Бүгінгі таңда хоккейден Әлем чемпионаты Дания мен Швецияда өтіп жатыр. Қазақстан ойындарының бәрін Данияның Хернинг қаласында өткізеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:53, 12 қаңтар 2026
Бублик Гонконгта өткен турнирдегі жеңісіне пікір білдірді
-
11:24, 12 қаңтар 2026
Ислам Чесноков Шотландия чемпионатындағы дебютін «Хартс» сапындағы жеңіспен бастады
-
17:38, 11 қаңтар 2026
Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг дауы бойынша тыңдау қашан өтеді
-
13:15, 11 қаңтар 2026
Қазақстандық альпинист Анар Борашева әлемдегі ең биік жеті шыңды бағындырды
-
11:18, 11 қаңтар 2026
Александр Шевченко Аустралиядағы жарысты сәтті бастады





