Грек-рим күресі: қазақстандық балуандар жастар арасындағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды
© Сурет: United world wrestling
9-10 шілде аралығында Бішкек (Қырғызстан) қаласында грек-рим күресінен жастар арасындағы Азия чемпионаты өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық балуандар төрт медальға қол жеткізді. Оның екеуі алтын.
87 келіге дейінгі салмақта Темірлан Тұрдақын жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді. Сондай-ақ 82 келіге дейінгі салмақта Диас Сейітқалиев жастар арасында Азия чемпионы атанды.
Ал 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Омар Дүйсенбек күміс жүлдеге ие болса, 55 келіге дейінгі салмақта белдескен Мұсан Ерасыл қола жүлдемен жарысты аяқтады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:43, 27 шілде 2026
«UFC-ке оралмайды»: Шавкат Рахмоновтың дәрігері спортшының жағдайы туралы мәлімдеме жасады
-
11:18, 27 шілде 2026
Роналду ойнайтын Сауд Арабиялық клуб қаржылық дағдарысқа тап болды
-
09:34, 27 шілде 2026
«Қайрат» «Ордабасыны» жеңіп, Қазақстан Премьер-лигасының турнирлік кестесінде қайтадан көш бастады
-
15:01, 26 шілде 2026
Тарихи медаль! Артем Матусевич U23 әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
-
19:45, 25 шілде 2026
Үстел теннисі: Қазақстан WTT Youth Contender турнирінде алғашқы медалін жеңіп алды





