Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкерінің есімі белгілі болды
© Сурет: Telegram/kff_team
Қазақстан футбол федерациясы Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкері қызметіне Джон ван ’т Шкиптың кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 7 тамызда федерация таратқан ақпардан белгілі болды.
"Қазақстан футбол федерациясы Джон ван ’т Шкиппен ұлттық құраманың бас бапкері ретінде жұмыс істеу туралы келісімге келді. Маманның тағайындалуы федерация жарғысына сәйкес КФФ Атқарушы комитетімен келісілгеннен кейін ресми түрде рәсімделеді".
Атап өтілгендей, КФФ Атқарушы комитетінің отырысынан кейін бапкермен келісімшартқа қол қойылады.
Футболшы ретінде Джон ван’т Шкип Амстердамның "Аякс" және Италияның "Дженоа" клубтарында өнер көрсетіп, Нидерланд құрамасында ойнады. Ұлттық құрамамен бірге 1988 жылғы Еуропа чемпионы атанды.
Ведомство мәліметінше, ол бапкерлік жолын "Аякстың" жүйесінде бастап, бас бапкері қызметін атқарды. Сондай-ақ "Твенте", "Зволле", Мексиканың "Гвадалахара" және Аустралияның "Мельбурн Сити" командаларының тізгінін ұстады. 2016 жылы "Мельбурн Сити" клубымен бірге Аустралия кубогын жеңіп алды.
Халықаралық деңгейде Джон ван’т Шкип Грекия және Армения ұлттық құрамаларының бас бапкері қызметін атқарды.
Сондай-ақ, футболдан Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы да құрылғаны атап өтілді. Олардың қатарында:
- бас бапкердің көмекшісі – Нұрбол Жұмасқалиев пен Елдос Ахметов,
- қақпашылар бапкері – Юрий Новиков,
- дене даярлығы бапкері – Вадим Боровский,
- сарапшы бапкер – Тимур Құсайынов.
Бұған дейін 2027 жылы Астанада УЕФА президенті мен Атқарушы комитетінің мүшелері сайланатындығын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:47, 10 тамыз 2026
Рыбакина Торонтодағы турнирдің ширек финалына жолдама алып, басты қарсыласын артта қалдырды
-
09:26, 10 тамыз 2026
ҚМА блогер Махмуд Хикматовқа іздеу жариялады
-
19:06, 9 тамыз 2026
Ахмади Маханов алғаш рет World Tennis J100 турнирінің чемпионы атанды
-
17:53, 9 тамыз 2026
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы триатлоннан Азия кубогы кезеңінде екі алтын медаль жеңіп алды
-
16:38, 9 тамыз 2026
Соня Жиенбаева Испаниядағы W75 турнирінің чемпионы атанды






