Еліміздегі ең танымал 10 спорт түрі
© Сурет: pixabay
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі 2025 жылғы 6 мамырда өткен жылдың қорытындысы бойынша еліміздегі ең танымал спорт түрлері туралы деректерді ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Статистикада бұқаралық және өзге де спорт түрлері қамтылған.
Деректерге сәйкес, елімізде ең көп қатысушысы бар үйірме – футбол.
"Аталған спорт түрімен 1 113 299 адам айналысады. Айта кетерлігі, олардың жартысынан көбі ауылдық жерде тұрады. Бұл – футболдың ел аумағында кең тараған әрі қолжетімді спорт түрі екенін дәлелдейді",- делінген ақпаратта.
Кейінгі орындарға мына спорт түрлері жайғасқан:
- Классикалық волейбол – 767 580 адам (оның ішінде ауылдық жерде – 421 035)
- Баскетбол – 541 819 (ауылдық жерде – 238 853)
- Футзал – 368 349 (ауылдық жерде – 130 744)
- Жеңіл атлетика – 347 654 (ауылдық жерде – 174 261)
- Шахмат – 278 101 (ауылдық жерде – 128 243)
- Үстел теннисі – 262 835 (ауылдық жерде – 127 416)
- Дойбы – 213 490 (ауылдық жерде – 115 198)
- Тоғызқұмалақ – 202 217 (ауылдық жерде – 119 302)
- Қазақ күресі – 160 399 (ауылдық жерде – 87 030)
Бұл көрсеткіштер ел азаматтарының дәстүрлі және заманауи спорт түрлеріне деген қызығушылығының жоғары екенін, сондай-ақ халықтың саламатты өмір салтын ұстануға деген ұмтылысы артып келе жатқанын көрсетеді.
Бұған дейін қазақстандық боксшы қыздарға қомақты сыйақы берілгендігі жайлы жазған болатынбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:43, 27 шілде 2026
«UFC-ке оралмайды»: Шавкат Рахмоновтың дәрігері спортшының жағдайы туралы мәлімдеме жасады
-
11:18, 27 шілде 2026
Роналду ойнайтын Сауд Арабиялық клуб қаржылық дағдарысқа тап болды
-
09:34, 27 шілде 2026
«Қайрат» «Ордабасыны» жеңіп, Қазақстан Премьер-лигасының турнирлік кестесінде қайтадан көш бастады
-
15:01, 26 шілде 2026
Тарихи медаль! Артем Матусевич U23 әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
-
19:45, 25 шілде 2026
Үстел теннисі: Қазақстан WTT Youth Contender турнирінде алғашқы медалін жеңіп алды





