Елена Рыбакина Гиннес рекордтар кітабына енді
© Фото: zakon.kz
Гиннес рекордтар кітабы Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаның бұрын-соңды болмаған жетістігін ресми түрде тіркеді. Ол теннис тарихындағы ең ірі сыйақы алған спортшы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық спортшы Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен WTA маусымның қорытынды турнирінде жеңіске жеткені үшін 5 млн 235 мың АҚШ доллары көлемінде жүлде алды.
Бұған дейін бірде-бір теннисші бір турнирде мұндай көлемде қаржы ұтпаған.
Алдыңғы рекордтар беларусь спортшысы Арина Соболенко мен испаниялық Карлос Алькарасқа тиесілі еді. Олар 2025 жылдың қыркүйегінде АҚШ ашық чемпионатында 5 млн доллардан табыс тапқан.
Айта кетейік, Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирін жеңіп алған Азиядағы тұңғыш теннисші атанды. Бұған дейін қытайлық Ли На (2013 жылы) мен Чжэн Циньвэнь (2024 жылы) финалға дейін жеткенімен, жеңіске жете алмаған еді.
Жақын күндері Рыбакинаға III дәрежелі "Барыс" ордені табысталмақ.
Рыбакина жанкүйерлеріне маусым бойы және Эр-Риядта өткен WTA қорытынды турнирі кезінде көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:44, 22 ақпан 2026
Нариман Құрбанов Германияда қола медаль иеленді
-
09:56, 22 ақпан 2026
ҚПЛ-2026: «Қайрат» ФК Алматыда қатарынан үш матч өткізеді
-
09:32, 22 ақпан 2026
Джеки Чан, Головкин және Шайдоров Миланда кездесті
-
17:11, 21 ақпан 2026
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
-
16:41, 21 ақпан 2026
Қазақстандық үш гимнаст Германиядағы Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты





