Дакар-2026 жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан туын ұстап шығатын спортшылар белгілі болды
© Сурет: olympic.kz
Сенегалдың Дакар қаласында өтетін IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу салтанатында Қазақстан құрамасының туын дзюдошы Фатима Сұпығалиева мен волейболшы Әлихан Ағабек ұстап шығады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Фатима Сұпығалиева 52 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетеді. 2026 жылы отандасымыз кадеттер арасында әлем чемпионы атанды. Сондай-ақ оның қоржынында 2025 жылы Бахрейнде өткен жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының алтын медалі бар.
Әлихан Ағабек жағажай волейболынан Оразалы Сағынышпен бірге Қазақстан намысын қорғайды. 2025 жылы қос спортшы Бахрейнде өткен жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Бұған қоса, қазақстандық жұп 2026 жылы 18 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионатының 1/16 финалына дейін жетті.
Жалпы, Дакарда өтетін жасөспірімдер Олимпиадасында 18 қазақстандық 11 спорт түрінен бақ сынайды.
Айта кетейік, Дакар-2026 жасөспірімдер Олимпиадасына спортшыларды іріктеу тәртібі өзгерді. Бұрынғы Ойындардан айырмашылығы, бұл жолы арнайы іріктеу турнирлері өтпейді. Олимпиада жолдамаларын Халықаралық Олимпиадалық комитеті мен халықаралық спорт федерациялары белгіленген талаптар бойынша бөледі.
Еске салайық, IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасы 2026 жылғы 31 қазан мен 13 қараша аралығында өтеді. Дакар Африка құрлығында Олимпиада ойындарын қабылдайтын алғашқы қала болмақ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:48, 1 қараша 2026
Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Гран-при кезеңінің үздік бестігіне енді
-
10:26, 1 қараша 2026
Канело Кристиан Мбиллиді жеңіп, бокстан әлем чемпионы атағын қайтарып алды
-
09:59, 1 қараша 2026
ҚПЛ-2026: Футболдан шешуші турнирде ерекше жағдайлар орын алды
-
19:24, 31 қазан 2026
Асыл Айтақын күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеге бір қадам жетпей қалды
-
18:34, 31 қазан 2026
Алғашқы финал: Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды






