Циципас Almaty Open турнирінің екінші айналымында Кукушкинмен кездеседі
© Сурет: ktf.kz
Грекиялық теннисші Стефанос Циципас Almaty Arena кешенінде өтіп жатқан ATP 250 санатындағы Almaty Open турнирін жеңіспен бастады. Бірінші айналымда әлемнің бұрынғы үшінші ракеткасы америкалық Александр Ковачевичтен басым түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
ATP әлемдік рейтингінде 39-орында тұрған және турнирде жетінші нөмірмен тіркелген 28 жастағы Циципас әлемнің 82-ракеткасын 7:6 (11:9), 3:6, 6:3 есебімен жеңді.
Кездесу 2 сағат 1 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде грек теннисшісі жеті эйс жасап, екі қос қателік жіберді.
Циципас бұл турнирге екінші рет қатысып отыр. 2022 жылы жарыс Астанада өткен кезде ол финалға дейін жеткен болатын. Грекиялық спортшы кәсіби мансабында ATP деңгейінде 13 титул жеңіп алды. Олардың қатарында Монте-Карлодағы Masters 1000 сериясының үш трофейі бар. Сонымен қатар ол Үлкен дулыға турнирлерінің финалында екі рет өнер көрсетті.
Almaty Open турнирінің екінші айналымында Циципас қазақстандық Михаил Кукушкинмен кездеседі. Бұған дейін 38 жастағы отандасымыз бірінші айналымда грекиялық Стефанос Сакелларидисті 7:6 (7:4), 7:6 (7:3) есебімен жеңген еді.
Алдағы кездесудің жеңімпазы ATP 250 Almaty Open турнирінің ширек финалына жолдама алады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:30, 21 қазан 2026
Қазақстандық мергендер Гран-при кезеңінде төрт медаль жеңіп алды
-
12:42, 21 қазан 2026
Ига Швёнтек маусымды мерзімінен бұрын аяқтайтынын мәлімдеді
-
21:11, 20 қазан 2026
Қазақстан әйелдер құрамасы регбиден Азия сериясының кезеңінде төртінші орын алды
-
19:48, 20 қазан 2026
Almaty Open: Нұрланұлы мен Бублик жұбының матчын көрермендер тік тұрып тамашалады
-
19:10, 20 қазан 2026
Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Азия чемпионатында қалай өнер көрсетіп жатыр





