Бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына бес алтын медаль түсті
© Сурет: Қазақстан бокс федерациясы
Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан U22 санатындағы Азия чемпионатында отандастарымыз 9 медальға қол жеткізді. Олардың бесеуі алтын, тағы төртеуі күміс медаль болып табылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ел құрамасынан Нұрислам Қалдыбаев (60 келі), Санжарәли Бегалиев (80 келі), Темірлан Мұқатаев (90 келі), Гүлназ Бөрібаева (48 келі) және Бақыт Сейдіш (70 келі) жеңіс тұғырына көтерілді.
Ал нағыз шешуші кезеңде қарсыластарына есе жіберген Илья Калинин (65 келі), Нұрбек Мұрсал (70 келі), Шұғыла Нәлібай (75 келі) және Әсел Тоқтасын (80 келі) мойындарына күміс медальдан тағынды.
Бұған дейін 19 жасқа дейінгілер арасында Расул Асанханов (90 келі), Құралай Егінбайқызы (80 келі) Азия чемпионы атағын жеңіп алған болатын.
Сондай-ақ Әділет Тортубек (60 келі), Бибарыс Әшірбай (70 келі), Тимур Тайбеков (80 келі), Нұрсұлтан Қыстаубай (85 келі), Аяжан Ермек (57 келі) күміс жүлдегер атанса, Айым Таңқыбаева (51 келі), Жанель Имантаева (54 келі), Алина Кұдайгенова (60 келі), Ақбота Есімбекова (65 келі) және Сабина Жақсылық (80 келіден жоғары) үздік үштікті түйіндеді.
Құрлықтық додаға 25 елден 396 боксшы (237 ер және 159 әйел) қатысты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:10, 23 қаңтар 2026
Софья Самоделкина мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионатында тоғызыншы орынға ие болды
-
22:41, 23 қаңтар 2026
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Төрт құрлық чемпионатында 12-орынды иеленді
-
22:05, 23 қаңтар 2026
Юлия Путинцева алғаш рет Australian Open турнирінің төртінші айналымында ойнайды
-
17:21, 23 қаңтар 2026
Қазақстан қыздар құрамасы хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында үшінші жеңісіне қол жеткізді
-
17:10, 23 қаңтар 2026
Анастасия Городко фристайл-могулдан Әлем кубогының жалпы есебінде екі мәрте үздік бестікке енді





