Бокстан U19 ерлер арасындағы Азия чемпионатында Расул Ассанханов алтын медаль иеленді
© Сурет: Қазақстан бокс федерациясы
Таиландтың Бангкок қаласында бокстан U19 санаты бойынша ерлер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Бес отандасымыз финалда бақ сынап, бір алтын және төрт күміс медальға ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Расул Ассанханов 90 келіге дейінгі салмақтың финалында үндістандық Хемант Сангванды жеңіп, алтын жүлдегер атанды.
- 60 келіге дейінгі салмақта Әділет Тортубек финалда Иран өкілі Али Чигриханиге жол берді.
- 70 келіге дейінгі салмақтың ақтық сынында жұдырықтасқан Бибарыс Әшірбай өзбекстандық Абдулазиз Журакуловка есе жіберді.
- 80 келіге дейінгі салмақта Тимур Тайбеков Өзбекстан өкілі Норбек Абдуллаевтан жеңіліп қалды.
- 85 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Нұрсұлтан Қыстаубай финалда Самир Сабировқа (Өзбекстан) жол берді.
Осылайша, U19 санатында Қазақстан құрамасының қоржынында бір алтын, төрт күміс және бір қола медаль бар.
Бұған дейін 75 келіге дейінгі салмақта Нұрсұлтан Шілдебай қола иеленген болатын.
Ал Бангкокта (Таиланд) қыздар арасындағы (U19) бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілдері финалда екі мәрте бақ сынап, бір алтын медальға ие болды. Турнир жеңімпазы атанған Құралай Егінбайқызы (80 келіге дейін) шешуші жекпе-жекте үндістандық Критика Васанды ұтты. Аяжан Ермек болса, ел қоржынына күміс медаль салды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 20 қараша 2025
Дональд Трамп Роналдуға дән риза болды
-
22:35, 19 қараша 2025
Семсерлесуші София Актаева Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медаль еншіледі
-
22:03, 19 қараша 2025
Ислам ынтымақтастығы ойындары: Зейнеп Баянова қола медаль иеленді
-
19:22, 19 қараша 2025
Елена Рыбакина алғаш рет Әлемдік теннис лигасында өнер көрсетеді
-
17:59, 19 қараша 2025
Globe Soccer Awards: жылдың үздік футболшысы атағынан үміткерлердің тізімі жарияланды





