Боксшы Бибарыс Әшірбай жасөспірімдер Олимпиадасының финалына шығу үшін бақ сынайды
© Сурет: olympic.kz
Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында бокстан ширек финалдық жекпе-жектер жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгін, 10 қарашада Қазақстан атынан шаршы алаңға Бибарыс Әшірбай шықты.
Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында Бангладеш өкілі Нойон Трипура Джанимен кездесті.
Нәтижесінде Бибарыс Әшірбай қарсыласына еш мүмкіндік бермей, 5:0 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.
Айта кетейік, бұған дейін Ақнұр Тұрсынғали (57 келі) 1/2 финалға өткен еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:49, 11 қараша 2026
Жасөспірімдер Олимпиадасы: боксшы Марал Төлепберген жартылай финалға шықты
-
22:29, 11 қараша 2026
Таеквондошы Любовь Юн жасөспірімдер Олимпиадасында қола медаль иеленді
-
20:24, 11 қараша 2026
Дакарда Қазақстан атынан сынға түсіп жатқан жалғыз таеквондошы жартылай финалға өтті
-
20:18, 11 қараша 2026
Тағы бір «алтыннан» үміткер: Сенегалдағы жасөспірімдер Олимпиадасында Бибарыс Әшірбай финалға шықты
-
18:59, 11 қараша 2026
Дакарда өтіп жатқан Олимпиадада отандық боксшы «алтынға» таласатын болды





